Тимур Сүлейменов АҚШ Сауда палатасының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді

0
99

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.


Тимур Сүлейменов АҚШ Сауда палатасының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді

видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ұлттық Банк делегациясы Төраға Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері аясында АҚШ Сауда палатасының (US Chamber of Commerce) өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында:

• Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша жүзеге асырылған шаралар;
• екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық аясындағы перспективалар мен жобалар;
• инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.