Террористік ұйымға қатысы бар делінген Қазақстан азаматы елге жеткізілді

0
114

Сот шешімімен күдікті қамауға алынған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Террористік ұйымға қатысы бар делінген Қазақстан азаматы елге жеткізілді

Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Таяу Шығыста террористік ұйым жұмысына араласты деп айыпталып, ұсталған Қазақстан азаматы елге жеткізділді, деп жазады ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық террористік ұйым жұмысына араласты деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Астанаға жеткізілгенін хабарлады. Ол бұған дейін Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған.

Оның үстінен қылмыстық кодекстің 257-бабы «террористік топ құру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу» бойынша іс қозғалған

Сот шешімімен күдікті қамауға алынған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.