Қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінде болған.
Фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Теміртау қаласында 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оларды өлтірді деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлы ұсталды, деп жазады inform.kz.
Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамның жеке басын анықтаған. Ол марқұмдардың 20 жастағы ұлы болып шықты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


