​Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды

0
132

Осыған орай еліміздің ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттері


​Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға арналған байланыс пакеттері іске қосылды

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

ERNUR.KZ. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтарды қолдау шаралары туралы хабарлады, деп жазады inform.kz.

Ведомство мәліметінше, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты шетелде жүрген қазақстандықтардың жақындарымен тұрақты байланыста болып, мемлекет қолдауын сезінуі аса маңызды.

Осыған орай еліміздің ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттері іске қосылды. Бұл пакеттер көрсетілген елдер аумағында болған уақытта интернет пен қоңырауларды тегін пайдалануға мүмкіндік береді.
- Қолдау шаралары туралы толық ақпаратты мобильді операторлардың ресми сайттарынан немесе мобильді қосымшалар арқылы білуге болады.
Министрлік байланыс операторларына қолдау шараларын жедел іске қосқаны үшін алғыс білдірді, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ ведомство азаматтарды Қазақстан Республикасының ресми қызметтері мен елшіліктерінің ұсынымдарын ұстануға, өз қауіпсіздігі мен жақындарының амандығына ерекше назар аударуға шақырды.
Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын және серіктестермен бірлесіп, шетелдегі отандастарға тұрақты байланыс пен қажетті қолдау көрсету бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.