FlyDubai әуе компаниясының ұшағы Алматыға қонды
фото: Министерство транспорта Казахстана
ERNUR.KZ. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты ұшып келе алмаған туристер Қазақстанға жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.
13 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінен, атап айтқанда Дубай мен Абу-Дабиден бірнеше өңірге рейстер тоқтатылған болатын. Бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданды.
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіне, сондай-ақ осы мемлекеттермен шектес аумақтар арқылы ұшуға тыйым салған болатын.
"FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында осы елдердің әуе кеңістігін айналып өтіп, елге 13 маусымда ұша алмаған 332 туристі және жоспарлы жолаушыларды жеткізді", - деп хабарлады министрлік.
13 маусымда Дубайдан ұша алмаған барлық турист туроператорлар арқылы туризм және спорт министрлігі, сыртқы істер министрлігі, ҚР елшілігі және "Туристік Қамқор" қорының үйлестіруімен қонақүйлерге орналастырылды. Қазіргі уақытта олардың ұшу мәселесі қарастырылып жатыр. Кейбір туристер бүгін түнгі рейстермен елге оралды.