«Ташкенттен Куала-Лумпурға, одан кейін Балиге қашқан»: Сәрсемәлиевтің Қазақстаннан қалай шығып кеткені белгілі болды

0
139

Полиция түгел бір отбасының жоғалып кеткенін білген кезде күдікті қашуға әрекет ете бастаған


«Ташкенттен Куала-Лумпурға, одан кейін Балиге қашқан»: Сәрсемәлиевтің Қазақстаннан қалай шығып кеткені белгілі болды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты бірнеше қылмыстық істің мән-жайы айтылып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгін тергеу басты күдіктінің Қазақстаннан қалай қашып кеткенін баяндап берді.

«Тергеудің нұсқасына сенсек, Сәрсемәлиев екі балдызы мен қайын атасын және қайын енесін өлтірген соң олардың атына несие алған және олардың жеке мүліктерін иеленіп алған. Ол ақшаны өз керегіне жаратқан. Полиция адамның жоғалғанына байланысты әрекет ете бастағанда, Сәрсемәлиев Атыраудан қашуды ойлай бастаған. Сұлтан Сәрсемәлиев әйелі Ақбаян Мұқанғалиевті Қазақстанда тастап кетуі қауіпті деп санаған. Сондықтан, оны ертіп «Қапланбек» шекара бекеті арқылы Қазақстаннан Өзбекстанға өткен. 13 желтоқсан күні Ташкент – Куала-Лумпур – Бали бағыты бойынша Индонезия аралына кеткен», - деп жазады «Атырау тудей» сайты.

Осылайша, Сұлтан мен Ақбаян Балиде екі ай жасырынған. Алайда, виза уақыты өтіп кеткен соң, 2026 жылдың 24 ақпанында Индонезияның көші-қон қызметі оларды ұстап, ары қарай Қазақстанның органдарына тапсырған. Ал, наурызда Сұлтан Сәрсемәлиевтің қылмысы әшкере болып, 9 наурызда соңғы екі адамның мәйіті табылған.

Айта кетейік, кеше Сұлтан Сәрсемәлиевтің бірінші соты өтіп, прокурор айыпты оқығаннан кейін күдікті журналистер мен сотқа «қайын жұртымның намысыма тиетін сөздер айтып, әйеліммен ажырастыруға талпынғаны үшін қасақана қастандықпен жауап бердім» деген еді. Ол сондай-ақ тіпті өлім жазасына, өмір бойғы түрме жазасына да дайынмын дейді.