Ол куәгерден қашамын деп полицияның ғимаратына кіріп кеткен.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Таразда ер адам адам 83 жастағы зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Мәліметке сүйенсек, зейнеткердің мәйіті қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен кіреберісінен табылған. Куәгерлердің бірі күдікті ұстау үшін соңынан қуып, Полиция департаментінің ғимаратына бірген.
Қайғылы оқиғаның болғанын облыстық Полиция департаменті растады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктіні – Тараз қаласының 68 жастағы тұрғынын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазіргі уақытта істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеуге бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық тергеу әрекеті заң талаптарына қатаң сәйкес орындалып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», .
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді», – делінген облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.


