Таразда биік мұнараға шығып, айғайлаған ер адам құтқарылды

0
199

Үрейі ұшып, биіктегі адамның өміріне алаңдаған қала тұрғындары ол аман-есен жерге түсірілгенде ТЖД қызметкерлеріне қол шапалақтап, құрмет көрсетті.


Таразда биік мұнараға шығып, айғайлаған ер адам құтқарылды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 17 мамырда кешке Тараз тұрғындары үрейлі оқиға куәсі болды. Ер адам телевизиялық мұнара басына шығып, айқайлаған, деп жазады zakon.kz.

Оқыс оқиға сағат 21: 40-та қаланың 15 ықшам ауданында болған.

"Ер адам №60 үйдің артындағы мұнараға көтеріліп, секірмек болды. Оқиға орнына төрт құтқарушы мен техника жедел түрде аттанды", - деді Жамбыл өңірінің ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар альпинистік жабдықтар мен басқа да құрылғылардың көмегімен ер адамды жерге аман-есен түсіріп, оны 103 қызметі өкілдеріне тапсырды.

Үрейі ұшып, биіктегі адамның өміріне алаңдаған қала тұрғындары ол аман-есен жерге түсірілгенде ТЖД қызметкерлеріне қол шапалақтап, құрмет көрсетті.