"Аяқ киім үшін алтыннан айырылған": Ясмина Тоқсанбаева Президент қолынан марапат алды

0
157

Спортшы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.


Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындарында және Азия параойындарында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшыға мемлекеттік марапаттар тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың қатарында жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы Ясмина Тоқсанбаева да бар. Спортшы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Айта кету керек, бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Айчи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны туралы айтылған болатын. Отандасымыз әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші болып жетіп, қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта бағындырған еді.

Кейін жеңіл атлеттің Азия ойындарындағы алтыны жойылғаны белгілі болды. Отандық спортшының жарыста киген аяқ киіміне байланысты наразылық білдірілген.

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты ресми мәлімдеме жасап, оған чемпионға тиесілі сыйақы берілетінін мәлімдеді. Отандық спортшының аяқ киімі тексеріліп, жарысқа жіберілген.