Таразда атқа мініп, шауып келе жатқан 7 жастағы бала көлікке соғылып қалды (ВИДЕО)

0
84

​Жануар оқиға орнында мерт болды, балаға шұғыл түрде ота жасалды.


Таразда атқа мініп, шауып келе жатқан 7 жастағы бала көлікке соғылып қалды (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Таразда жылқы мінген жеті жастағы бала көлікке соғылып, арты ауыр салдарға әкелді. Оқиға қала қиылыстарының бірінде болған. Үркіп кеткен жылқы тізгінге көнбей, артқы жағынан жеңіл көлікке соғылған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Соққының қатты болғаны сонша, жануар оқиға орнында мерт болды. Ал бала бірнеше метрге ұшып түсіп, ауруханаға түскен.

Дәрігерлер оған шұғыл ота жасап, иық сүйегі сынғанын анықтаған.

Оқиғаға қатысты полиция ата-ананың да жауапкершілігін қарастырады. Себебі бала ересектердің тиісті бақылауынсыз жүрген.

«Осы оқиғаға байланысты баланың ата-анасына қатысты әкімшілік шара қолданылды», - деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің өкілі.