Тараз қаласының әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0
123


Тараз қаласының әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: Gov.kz

ERNUR.KZ. Тараз қаласындағы “Әулие-ата” әуежайы авиакеросинді нарықтағы бағадан жоғары сатқаны үшін 3,2 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Stan.kz.

Сонымен қатар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпорыннан монополияға қарсы заңнаманы бұзу нәтижесінде алынған 25,2 миллион теңге кіріс тәркіленді.

“Өз кезегінде, Әуежай тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспей, оларды бірінші және екінші сатыдағы соттарда даулады. Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тергеп-тексеру нәтижелері заңды және негізді деп танылды. Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында өткен сот отырысы барысында Әуежай өз кінәсін мойындады”, – деп жазды БЖЗҚ.

Еске сала кетейік, Алматыда шетелдік турист үшін жолақы құнын 16 есе көтерген такси жүргізушісі сот алдында жауап береді. Жеке тасымалдаушыға қатысты кезекті дау әлеуметтік желідегі жарияланымнан кейін өрбіген.