Танымал режиссер Қуаныш Бейсек шаңырақ құрды

0
106


Танымал режиссер Қуаныш Бейсек шаңырақ құрды

ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Танымал режиссер Қуаныш Бейсек тағы да үйленді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ол Instagram-прақшасында қалыңдығының ұзату тойынан фотолар жариялады. Суреттерге қарасақ, режиссердің таңдауы өзінің жерлесі, яғни Тараздың Ажар атты қызына түскен. Сондай-ақ желіде Қуаныш Бейсектің тойға киетін костюм-шалбар таңдап жүргені туралы да видео пайда болды.

Еске салсақ, режиссер актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен 2023 жылдың сәуір айында отбасын құрған болатын. Алайда 2025 жылдың наурыз айында жұп ресми түрде ажырасатынын жариялап, ортақ шешіммен достық қарым-қатынаста қалатынын мәлімдеді.

Қуаныш Бейсек бұл туралы Instagram-да айтты.

“ Біз енді бірге емеспіз. Біз жақсы дос әрі қызымыздың ата-анасы болып қаламыз , – деді режиссер.

Олардың Гайнижамал есімді ортақ қыздары бар.