Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған.
фото: Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"
ERNUR.KZ. "Ақтөбе – Алматы" жолаушылар пойызында әріптесін пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты, деп жазады sputnik.kz.
"Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған. Мейрамхана-вагонында үш әріптес алкогольдік ішімдік ішіп, артынан екі ер адамның арасында жанжал туындаған", - деп жазылған хабарламада.
Вагон тамбурында жолаушылардың бірі өз әріптесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.


