​Талдықорғанда жастар төбелесі қайғылы аяқталды

0
152

Оқиға 25 маусым күні Шығыс шағын ауданында болған.


​Талдықорғанда жастар төбелесі қайғылы аяқталды

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Талдықорғанда жастар арасындағы жанжал кезінде 2003 жылғы жігіт қарсыласын пышақтаған, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 25 маусым күні Шығыс шағын ауданында болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада бірнеше жасөспірімнің төбелесіп жатқан сәті көрінеді. Жанжал кезінде 2003 жылы туған азамат қарсыласына пышақ сұғып, салдарынан бір жігіт оқиға орнында көз жұмған.
— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады полициядан.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.