01.30-дар шамасында кафенің жабылатынын ескерткен даяшыға сонда отырған үш жігіт бейпіл сөздерді қарша бората бастаған.
ERNUR.KZ. 18 жастағы жігітке жабылғандар кафеде демалып отырған. Спирттік ішімдік ішкен олардың бірі даяшымен сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан, деп жазады exk.kz.
Даяшыны ұрып-соққандардың видеосы Instagram-дағы @kris_p_tdk паблигінде жарияланды. Ондағы ақпаратқа сенсек, түнгі сағат 01.30-дар шамасында кафенің жабылатынын ескерткен даяшыға сонда отырған үш жігіт бейпіл сөздерді қарша бората бастапты. Ал жігіт олардың біріне жауап қайтару мақсатында газ баллонын шашып жіберген. Осы сәтте кафеде отыған үш жігіт даяшыға жабылмақшы болғанда тамақтану орнының әкімшісі оларды сыртқа қуып шыққан.
Видеода кафе сыртында бірнеше жігіттің даяшыға жабылып, тепкінің астына алғанын көруге болады.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Талдықорғанда мас халде болғандар "Мирас" кафесінің алдында 18 жастағы тұрғынға дене жарақатын салған.
"Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды. Кафеде ішімдік ішіп отырған үш жігіттің бірі даяшымен сөзге келіп қалғаны анықталды. Екі жігіт арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласқан. Қазіргі уақытта полиция 20-25 жастағы үш күдіктіні анықталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", — деді облыстық Полиция департаментіндегілер.


