Қазақстанда су саласының импортқа тәуелділігін азайту жөніндегі жол картасы әзірленді

0
224

Жол картасында сондай-ақ су саласына технологиялық аудит жүргізу, отандық ғылыми әзірлемелердің тізімін жасау, жабдықтардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу және отандық технологияларды өндіріске енгізу тетіктерін дамыту қарастырылған.


Қазақстанда су саласының импортқа тәуелділігін азайту жөніндегі жол картасы әзірленді

ERNUR.KZ. Су ресурстары және ирригация министрлігі технологиялық және өндірістік міндеттерді шешу, сондай-ақ қолданбалы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу жөніндегі жол картасын әзірледі.

Құжат импортқа тәуелділікті азайту, су есептеу құралдарының отандық өндірісін дамыту, гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру, цифрлық технологияларды енгізу және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған 13 іс-шараны қамтиды.

Жол картасында сондай-ақ су саласына технологиялық аудит жүргізу, отандық ғылыми әзірлемелердің тізімін жасау, жабдықтардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу және отандық технологияларды өндіріске енгізу тетіктерін дамыту қарастырылған.

«Қазіргі уақытта осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Су ресурстары және ирригация министрлігі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы ең озық қолданыстағы технологиялардың тізімін әзірледі. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын қолданатын суару жүйелерін өндіретін отандық зауыттардың саны соңғы екі жылда төрттен жетіге дейін өсті. Бұдан бөлек, ведомство жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметін қолдайды», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.