Талдықорғанда ер адам әйелді пышақтап өлтірді

0
76

Күдікті ұсталып, қамауға алынды.


Талдықорғанда ер адам әйелді пышақтап өлтірді

фото:Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Талдықорғандағы асханалардың бірінде ер адам әйелді пышақтап кетті. Жәбірленуші ауруханада көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, тұрмыстық жанжал барысында күдікті жәбірленушіге пышақ жарақаттарын салған. Ол ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық іс "адам өлтіру" фактісі бойынша қозғалды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм әйелдің жасы 34-те, ал күдікті 36 жаста. Екеуінің арасында телефон арқылы жанжал болған. Ашуға булыққан ер адам әйелге барып, кеуде тұсынан 4-5 жерден пышақ салған.
Айта кетері, күдікті бұған дейін де денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін және ұрлық жасағаны үшін істі болған.