Тағы бір қазақстандық судьяның оғаш әрекеті видеоға түсіп қалған

0
101

Кадрлар желіде тарады.


Тағы бір қазақстандық судьяның оғаш әрекеті видеоға түсіп қалған

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қазақстандық судья сот отырысында оғаш қимыл көрсеткені үшін сынға қалды. Әңгіме Алматы сотының судьясы Бақытжан Бақырбаев туралы болып отыр. Ол сот процесі барысында төрт саусағын көлденең айқастырып, әдетте "тор" деп түсіндірілетін қимылды жасаған, деп жазады tengrinews.kz.

Бақырбаевтың әрекеті видеоға түсіп қалған. Кадрлар желіде тарады.

Алматы сотының баспасөз қызметі мәліметінше, кадрлар 2024 жылы өткен процесте түсірілген. Ол кезде үш айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгерту туралы өтініш қаралған.

"Сот отырысы барысында қатысушылардың бірі залдан шығып кетуге әрекет жасады. Сол кезде судья қимылмен мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін көрсетті, өйткені ол сәтте бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгерту мәселесі талқыланып жатқан болатын. Көрсетілген қимыл тек тәртіпті сақтау және процестің тиісті өтуін қамтамасыз ету мақсатында жасалды", – деп түсіндірді судьяның әрекетін соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, соттың баспасөз қызметі істі қарау барысында судьяның сот отырысындағы мінез-құлқына қатысты шағымдар түскенін атап өтті.

"Судья әдебі жөніндегі комиссияның қарауынан кейін судьяның кейбір әрекеттеріне қоғамдық айыптау жарияланды, - деп қорытындылады Алматы қалалық соты.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесінде де оғаш жағдай болған еді. Төрағалық еткен судья Әбінұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін көрсеткен. Осы оқиғадан кейін Шымкенттегі судьялық этика кеңесі тексеріс бастаған.