«Сұраған құжатты бермей қойған»: Сәпиев пен орынбасарының арасындағы даудың себебі белгілі болды

0
92

​Оқиға туралы тағы спортшы пікір білдірді.


«Сұраған құжатты бермей қойған»: Сәпиев пен орынбасарының арасындағы даудың себебі белгілі болды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. ММА бойынша әлем чемпионы Айдар Махметов Олимпиада чемпионы Серік Ахметов пен оның орынбасары арасындағы төбелестің себебін атады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Махметовтің айтуынша, кикілжіңнің себебі – тек жұмысқа ғана қатысты мәселе.

«Мен жаңа ғана Серік Сәпиевтің өзімен сөйлестім. Оның орынбасары Есімханов керек құжаттарды ұсынбаған, мәселенің себебі де сондай. Жеке айта кеткім келетін мәселе – ешкім ешкімді ұрған жоқ. Сондықтан, БАҚ өкілдері бұндай қауесеттерді таратпағаны дұрыс еді», - дейді Сәпиевтің әріптесі.

Махметовтің айтуынша, қазір екеуі мәселені шешкен және бір-бірін түсінгенге ұқсайды.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен төбелескені туралы ақпарат таралған. Кейін екеуінің арасындағы кикілжіңнің видеосы тарап кеткен болатын.