Су тасқыны: Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердегі жағдай туралы айтты

0
273

9 мамырда төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы айтты.


Су тасқыны: Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердегі жағдай туралы айтты

ERNUR.KZ. Бір күнде Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 174 тұрғын үйден мотопомпалар мен жылжымалы сорғы станциялары арқылы су шығарылды.

Барлығы 137 627 текше метр су сорылды. Есіл өзеніндегі су деңгейін бақылау жүргізіліп жатыр. Ұлттық ұлан әскерилері тұрғындарға көшелер мен аулаларды абаттандыру мен тазалауға көмектесіп жатыр.

Атырау облысының Құлсары қаласында суды сору және су басқан үйлерді дезинфекциялау тәулік бойы жалғасты. Жайық өзенінің деңгейі бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөгет салынып жатыр. 24 сағаттың ішінде ұзындығы 300 метрге жуық бөгеттер тұрғызылды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында жағалау бекітілуде. Бір тәулікте 3050 қап пен 233 тонна инертті материалдар төселді. Облыстағы жағдай тұрақталып келеді.

"Республика бойынша 10 013 тұрғын үй мен 3 215 аула аумақтарынан 17 миллион текше метр еріген су бұрылып, 51 111 адам уақытша орналастыру орталықтарында қалды", – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.