Стадионда дөнер жеген адамдар уланып қалды – тергеу басталды

0
254


Стадионда дөнер жеген адамдар уланып қалды – тергеу басталды

Sputnik / Евгений Одиноков


ERNUR.KZ Солтүстік Қазақстан облысында стадионда дөнер жеген төрт адам уланып қалды, деп жазад Sputnik Қазақстан.


Петропавлдың инфекциялық ауруханасына үш бала мен бір ер адам жеткізілді. Барлығы Булаев қаласындағы стадион аумағында орналасқан сауда орнынан дөнер алып жеген.

Қазіргі кезде жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану фактісі бойынша тергеу шараларын бастады.


"Эпидемиологиялық тергеуге қажетті барлық қажетті сынама алынды. Жақын арада нәтижесі дайын болады", - дейді санитар дәрігерлер.


Ауруханаға түскен төрт адамның да жағдайы жақсарып келеді.