Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасулар саны 16%-ға азайды

0
86

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның қоғамдық даму институтымен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ұлттық баяндама дайындады.


Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасулар саны 16%-ға азайды

ERNUR.KZ. Бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізілді. Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар туралы азаматтардың хабардарлығы артқаны байқалады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгіну және полицияға деген сенімнің артқаны атап өтілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР МАМ жанындағы Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисова мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Министрлік Жоғарғы сот және өңірлердегі отбасылық соттармен бірлесіп «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруда. Аталған жоба аясында ерлі-зайыптылар психологтардан, заңгерлерден, медиаторлардан және әлеуметтік қызметкерлерден кеңес алады. Қаралған істердің 37,5%-ы татуласумен аяқталған. 30%-дан астам отбасын сақтап қалу мүмкін болды.

Спикер сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу санының 16%-ға төмендегенін атап өтті.

«Әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы» заң аясында өткен жылы Отбасын қолдау орталықтары заңды мәртебе алды. Бұл – тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерін анықтауда өте маңызды құрал. Отбасын қолдау орталығының деректері мен мобильді топтардың арқасында біз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы түрлі ақпарат көздеріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болдық», – деді Лира Раисова.

Жыл сайын Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мерейлі отбасы» байқауын өткізеді. Осы жылдар ішінде байқауға 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы қатысқан. Спикер Комитеттің дәстүрлі құндылықтарды, азаматтардың адамгершілік-рухани тәрбиесін БАҚ, кино, театр және кітап өнімдері арқылы ілгерілетуге ерекше көңіл бөлетінін айтты.