Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 4 адам көз жұмды

0
122

Toyota Camry және Shacman автокөліктері соқтығысқан.


Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 4 адам көз жұмды

фото: Rico_Loeb

ERNUR.KZ. "Астана – Петропавл" автожолында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза болды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 8 қаңтарда болды. "Toyota Camry" және "Shacman" автокөліктері соқтығысқан.
"Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша "Toyota Camry" қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен", - дейді полиция.
Көлік рөлінде 24 жастағы жігіт болған. Қайтыс болған жолаушылар 64, 18 және 15 жаста болған.
Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.