Солтүстік Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен ауруханаға жөндеу жүргізіледі

0
110

Жобаға сәйкес онда персоналдың жедел мониторинг жүргізу үшін кедергісіз кіру мүмкіндігі бар реанимациялық төсектер орналастырылатын болады.


Солтүстік Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен ауруханаға жөндеу жүргізіледі

фото: Пресс-служба правительства Казахстана

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі уақытта техникалық базаны және инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Оның аясында зерттеулерді тікелей аудан орталығында жүргізу үшін МРТ аппаратына және заманауи клиникалық-диагностикалық зертханаға арналған мамандандырылған үй-жайлар ашу қарастырылып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар халықаралық триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлмесін ұйымдастырылады. Жобаға сәйкес онда персоналдың жедел мониторинг жүргізу үшін кедергісіз кіру мүмкіндігі бар реанимациялық төсектер орналастырылатын болады. Бұл медициналық араласудың жеделдігін және медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде медициналық мекеме шұғыл және жоспарлы көмек көрсетудің заманауи стандарттарына сәйкес келтіріледі, деді үкіметте.
Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік және коммуналдық нысандарға, оның ішінде 183 медициналық мекемеге қатысты жобаларды жүзеге асыруға 482 млрд теңге бөлінген.