Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында IT-орталықтар ашылады

0
89

Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің алдағы 5 жылға арналған цифрлық стратегиясы әзірленді.


Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында IT-орталықтар ашылады

ERNUR.KZ. Ол цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, экономиканың салаларын трансформациялауға және халықтың цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған. Бұл жұмыс туралы толығырақ облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтып берді.

Оның айтуынша, өңір Qyzyljar Creative Center алаңында IT мен креативтің коллаборациясын енгізді.

«Креативтілік пен цифрландыруды біріктіре отырып, дарынды жастар мен инновациялық идеялар үшін қолайлы орта құрылды. Өңірдің аграрлық ерекшелігін ескере отырып, ауылдардағы цифрландыруды дамытуға басымдық берілді. Жуырда аудандық креативті «IT-орталық» ашылды. Алдағы уақытта осындай орталықтар облыстың барлық ауданында ашылады», – деп хабарлады өңір басшысы.