Мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи стандарттарға сай толық жабдықталады.
ERNUR.KZ. Бұл - Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобасы аясындағы Петропавлдағы екінші білім ордасы, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Жобаны іске асыру облыс орталығындағы оқушы орындарының тапшылығын азайтуға және балалар үшін жайлы, қауіпсіз әрі цифрлық білім беру ортасын қамтамасыз етуге септеседі. Мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи стандарттарға сай толық жабдықталады.
Сонымен қатар, Береке шағын ауданында ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын Малая көшесіндегі жол құрылысы жалғасып жатыр.