​СҚО-да жолдан шығып кеткен жүк көлігі аударылды, жүргізуші аман қалды

0
148

Оқиға Талшық ауылы маңындағы республикалық маңызы бар жолда болған.


​СҚО-да жолдан шығып кеткен жүк көлігі аударылды, жүргізуші аман қалды

Фото: Видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында жол апаты салдарынан көлік кабинасында қысылып қалған жүргізуші құтқарылды, деп жазады inform.kz.

Оқиға Талшық ауылы маңындағы республикалық маңызы бар жолда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.
- 1962 жылы туған азамат көлік кабинасында қысылып қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен оны сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды жолда сақ болуға шақырады.