Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: Алтынай Сағындықова
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 14 жасар бала қазаншұңқырға батып, көз жұмды, деп жазады inform.kz.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше кешқұрым Қызылжар ауданы Подгорное елді мекенінде болған. Суға кеткен жасөспірімнің денесін құтқарушылар қазаншұңқырдан алып шықты.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім еткендей, жасөспірімнің мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.