​СҚО-да «гонконг тұмауын» жұқтырудың 124 дерегі тіркелді

0
45

Тұмауға жатпайтын вирустардың да циркуляциясы жүріп жатыр.


​СҚО-да «гонконг тұмауын» жұқтырудың 124 дерегі тіркелді

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында өткен аптамен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауыру 61% төмендеді, деп жазады inform.kz.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы жеті күн ішінде ЖРВИ-ді жұқтырудың 3 647 жағдайы тіркелген, бұл оның алдындағы аптадан 1,6 есе төмен. Шектеу шаралары, профилактикалық жұмыстар және халықтың сақтыққа мән беруі өз нәтижесін беріп жатыр.

- Жалпы биылғы эпидемиологиялық маусымда облыс бойынша 30 мыңға жуық адам ЖРВИ-мен ауырды. Сырқаттану деңгейі өткен жылдың көрсеткішімен бірдей, яғни айтарлықтай өсім жоқ.
Балалар арасындағы аурушаңдық басым. ЖРВИ жұқтырғандардың 68% немесе 20 мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі бала. Бұл жылда қайталанатын жағдай, себебі, балалар вирустық инфекцияларға әлдеқайда сезімтал келеді, - дейді санитар дәрігерлер.
Қараша айының басында өңірде тұмауды жұқтырудың алғашқы дерегі анықталса, қазір ауырғандар саны 124-ке жетті. Облыс аумағында A/H3N2, яғни «гонконг тұмауы» тараған.
- Тұмау негізінен ересектер арасында тараған, 100 адам ауырды, балалардың 24-і жұқтырған.
Тұмауға жатпайтын вирустардың да циркуляциясы жүріп жатыр. Оның ішінде риновирусты жұқтырудың 19 жағдайы тіркелді. 6 адамға – бокавирус, 4 адамға аденовирус диагнозы қойылды, - дейді мамандар.
Санитар дәрігерлер тұмауға қарсы вакцинациядан бөлек, аурудың алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу, маска кию, қолды жиі жуу, иммунитетті нығайту бар.