​СІМ Грузияда Қазақстан азаматының ұсталғанын растады

0
99

Қазіргі уақытта Қазақстан консулы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыс орнатты.


​СІМ Грузияда Қазақстан азаматының ұсталғанын растады

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

ERNUR.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі биылғы 22 сәуірде Грузияның Имеретия өңірінде отандасымыздың ұсталғаны туралы ақпаратты растап, түсініктеме берді, деп жазады inform.kz.

Министрліктің мәліметінше, отандасымызға Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, ол есірткі заттарын заңсыз иемденді және сақтады деген күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта Қазақстан консулы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыс орнатты. СІМ бұл мәселені ерекше бақылауға алғанын жеткізді.
Сонымен қатар, ведомство шет елдерде жүрген қазақстандықтарға барған мемлекетінің заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында есірткі өндірісін ұйымдастырғандардың өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.