Шымбұлақта жанармай және дизель көліктерінің кіруіне қойылған тыйымның күші жойылды

0
125

Соттың бұл шешімі Тұйықсу шатқалында тұратын тұрғынның шағымынан кейін қабылданып отыр.


Шымбұлақта жанармай және дизель көліктерінің кіруіне қойылған тыйымның күші жойылды

Фото: kolesa.kz

ERNUR.KZ. Конституциялық сот Алматы әкімдігінің Шымбұлақ шатқалына тек электр көліктерінің кіруіне рұқсат берген қаулысын заңсыз деп таныды, деп жазады inbusiness.kz.

Арыз берушінің айтуынша, оның үйіне апаратын жалғыз жол Шымбұлақ арқылы өтеді. Алайда Тұйықсу аумағында асфальт төселмегендіктен, электр көлігін жалғыз рұқсат етілген көлік ретінде пайдалану іс жүзінде мүмкін емес.

Конституциялық сот енгізілген шектеулер азаматтардың құқықтарын бұзып, олардың тұрғылықты жеріне жетуіне негізсіз кедергілер келтірген деген қорытындыға келді.

Осылайша, Шымбұлаққа кәдімгі бензин және дизель қозғалтқышымен жүретін көліктердің кіруіне қойылған тыйым күшін жойды. Ал Алматы әкімдігінің тиісті қаулысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді деп танылды.