Шығыс Қазақстанда трактор траншеяға түсіп кетіп, жұмысшы мерт болды

0
104

1980 жылы туған марқұмның артында бес баласы қалды


Шығыс Қазақстанда трактор траншеяға түсіп кетіп, жұмысшы мерт болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында қайғылы жағдай болып, жұмысшы көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында болған. Құрылыс жұмыстары кезінде трактор траншеяға аударылып, соның салдарынан жүргізуші қаза тапты. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1980 жылы туған марқұмның артында бес баласы қалды.

Шығыс Қазақстанда трактор траншеяға түсіп кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025

Оқиға орнына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы және Ұлан ауданының әкімі жедел жеткен.

Өңір басшысы су құбыры желілерін салып жатқан "ТМ Тепломир" ЖШС-нің қызметіне қатысты жан-жақты және әділ тергеу жүргізуді тапсырды. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, деді әкімдіктегілер.

"Мұндай жағдайларға бей-жай қарауға болмайды. Болған оқиғаның нақты себептері анықталуы тиіс. Еңбек қауіпсіздігі – біздің сөзсіз басымдығымыз", – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар, облыс әкімі Ұлан ауданының әкіміне қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетуді тапсырды.

Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қайғылы жағдайдың мән-жайы нақтыланып жатыр.