Шығыс Қазақстанда ер адам туған қызын 6 жасынан бері зорлады деген күдікке ілінді

0
103

Қазір қыздың жасы 13-14-те екені айтылады.


Шығыс Қазақстанда ер адам туған қызын 6 жасынан бері зорлады деген күдікке ілінді

Фото: magnific.com

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ер адам өз қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді. Полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Шығыс Қазақстан облысында ер адам өз қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Риддер қаласында қыз бала 6 жасынан бастап әкесінің жыныстық сипаттағы әрекеттеріне ұшыраған болуы мүмкін. Қазір қыздың жасы 13-14-те екені айтылады.

Күдікті жұмыс орнында ұсталған. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша Риддер қаласының полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда 36 жастағы ер адам өгей қызына бірнеше жыл бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметінше, қылмыс қыз 8 жасынан бастап 2022-2025 жылдар аралығында жасалған. Сот үкімімен ол төтенше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.