​Шығыс Қазақстанда 26 ауыл халқы ішімдіктен бас тартты

0
162

Өңірде құқық бұзушылықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы жалғасып жатыр.


​Шығыс Қазақстанда 26 ауыл халқы ішімдіктен бас тартты

Фото: ШҚО ПД

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 26-ға жетті, деп жазады inform.kz.

Өңірде құқық бұзушылықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы жалғасып жатыр.

Бұл бастамаға Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылдық округіне қарасты Бозша ауылының тұрғындары да қосылды. Осылайша, облыс бойынша алкогольді өнімдерді сатудан толықтай бас тартқан елді мекен саны 26-ға жетті.
– Жергілікті жастар ауыл ақсақалдарына осындай ұсыныс тастады. Бұл шешімді ауыл тұрғындары бірауыздан қолдаған, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір Бозша ауылында 60-қа жуық үйде 154 адам тұрады.
Мамандардың айтуынша, ішімдік сатуға шектеу қойылған елді мекендерде құқық бұзушылық деңгейі, соның ішінде мас күйінде жасалатын қылмыстар азайған. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен ұсақ бұзақылық фактілерінің де төмендегені байқалып отыр.