Шортандыда балық аулап отырған зейнеткер мұз астына түсіп, мерт болды (ВИДЕО)

0
94

Марқұмның жасы 71-де болған.


Шортандыда балық аулап отырған зейнеткер мұз астына түсіп, мерт болды (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Шортанды ауданында балық аулауға кеткен 71 жастағы зейнеткер мерт болды. Мұз әлі қата қоймаса да ол көлдің ортасына дейін барып, балық аулағысы келген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Судың ортасына барып, орындығын қоя бергенде мұз жарылып, зейнеткер орындығымен бірге мұз астына түсіп кеткен.

Оның денесін алып шығу үшін құтқарушылар қайықтың бір шетін жағаға байлап, көл ортасына дейін әрең жеткен.

«Қазгидромет» пен Төтенше жағдайлар қызметі қараша айының соңына дейін су бетіндегі мұз жұқа болатынын ескертіп, дабыл қаққан.