Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде жүргізілген беттестіру хаттамасын жария етті.
Фото: Видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі тыңдалымда сот материалдарын зерделеу жалғасты, деп жазады inform.kz.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде жүргізілген беттестіру хаттамасын жария етті. Аталған құжатта прокурор Гүлбара Бишімбиева мен Дидар Қалиахметтің арасында өткен беттестіру жайлы мәліметтер оқылды.
– Оқиға болған күні Дидар Қалиахметті көрдім, аты-жөнін қазір ғана білдім. Бұрын арада араздық болмаған. Мені екі бала ұстап тұрған кезде олар Шерзат пен Нұрқатанатты тепкіледі. Ұрып жатқанын нақты көрдім, – деп оқыды прокурор хаттамадан.
Сот барысында айыпталушы тарап жәбірленуші Гүлбара Бишімбиеваны келесі сот отырысына шақыру туралы өтініш білдірді. Адвокат оның тергеу кезінде берген жауабы мен сотта айтқан мәлімдемесі сәйкес емес екенін алға тартты.
Судья өтінішті қанағаттандырып, жәбірленушіні сотқа шақыруды мемлекеттік айыптаушыларға тапсырды.