Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жер сілкінді (ВИДЕО)

0
145

Сот үзіліске шықты.


Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жер сілкінді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың өлімі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатқанда жер сілкінді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сот отырысы кезінде жәбірленуші тараптың адвокаттары тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаровқа сұрақ қойып жатқан. Осы сәтте жер сілкініп, залдағы жұрт дүрлігіп қалды. Іске төрағалық етіп жатқан судья «тыныш, тыныш, тоқтасын сосын шығамыз» деп тыныштандырмақ болды.

Осы кезде жәбірленуші тараптың адвокаты «қазақтар, бісміллә деп отыра береді, әрі қарай жалғастыра берейік» деген ұсыныс тастады. Залдағы адамдар күліп жіберді.

Алайда судья үзіліс жариялап, бәрі сыртқа шықты.