"Шектеу жоқ": министр қыста көлікті жылыту тәртібін түсіндірді

0
106

Бұған дейін көлікті жылытуға қатысты біраз дау-дамай болған.


© Sputnik / Станислав Савельев

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қыста көлікті жылыту тәртібін түсіндірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін көлікті жылытуға қатысты біраз дау-дамай болған. Полицейлер кейбір көлік жүргізушілеріне айыппұл да салған. Министр Ержан Сәденовтың айтуынша, бүгінде көлікті жылытуға қатысты нақты норма бар. Заңмен де бекітілген.
"Мәселен, паркингте көлікті жарты сағат жылыту қисынға келмейді. Тұрғындардың өздері де ондайға жол бермейді. Ал далада көлік белгілі бір жерде - тұрақта тұрса, жақын жерде көп адам, балабақша болмаған жағдайда ешқандай шектеу жоқ. Біз соның бәрін түсіндіретін боламыз", - деді Сәденов қоғамдық тәртіп мәселелеріне арналған үкімет сағатында.
Осы орайда министр бұл нормалардың қабылданғанына біраз уақыт болғанын да ерекше айтты.
"Негізі, бұл - дұрыс нормалар. Детализация керек", - дейді ол.