Шағын жинақты мектептерде жасанды интеллектіні енгізу басталды

0
147

Пилоттық жоба 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарының мектептерінде іске қосылды.


Шағын жинақты мектептерде жасанды интеллектіні енгізу басталды

фото: Акимат Карагандинской области

ERNUR.KZ. Қазақстанда шағын жинақты мектептерде жасанды интеллектіні енгізуге арналған пилоттық жоба басталды, деп жазады sputnik.kz.
Пилоттық жоба 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарының мектептерінде іске қосылды.
"Жасанды интеллект оқушыларға жеке тапсырмалар таңдауға, оқу нәтижелерін талдауға және білімдегі олқылықтарды анықтауға көмектеседі. Бұл ретте мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді", - делінген ресми хабарламада.
Осы жобаны алдымен 500 шағын жинақты мектеп іске асырып көреді. Ал 2029 жылға дейін 2,5 мың мектептің барлығына енгізу жоспарланған.

Айта кетері, бұған дейін президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осы құжатта шағын жинақты мектептерге қатысты пилоттық жоба да бар.