Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді

0
101

Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.


Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады