"Сенің анаң тозақта деді": Марқұм Ақнәрдің екінші құрбысы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді

0
162

Желіде бейнеүндеу пайда болды.


Фото: бейнежазбадан

ERNUR.KZ. 22 жастағы марқұм Ақнәр Гүлстанмен қайғылы түні пәтерде болған екінші қыз мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Бейнеүндеуді КИМЭП университетінің 4-курс студенті Рана есімді қыз жариялады.

"Ақнәр Гүлстанның өлімі туралы анасы мені және Дидарды кісі өлтіруші деп айтып жатыр. Менің айтқым келгені, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Біз үшеуміз КИМЭП-те таныстық. Ақнәр екеуміз бір курста оқыдық. Менің жасым ол кезде 17-18 жас болатын. Арамызда ешқандай кикілжің болған жоқ", - деді Рана.

Ол қайғылы оқиға болған күнді еске алды. Сөзінше, Ақнәр, Дидар үшеуі мейрамханаға барған. Кейін бәрі Дидардың үйіне жиналған.

"Кешке Дидардың үйіне жиналдық. Ақнәр ішімдік сатып алуды бірінші болып ұсынды. Біз де келістік. Біз сыра, шампан және соджуға тапсырыс бердік. Мен аздап шампан іштім. Музыка қойып биледік, көңілді отырдық. Дидар видеоға түсірді. Ақнәр билеп жүріп, байқамай аяғы теледидарға тиіп, ол сынып қалады", - деді ол.

Сөзінше, кейін Ақнәр ұйықтап қалған.

"Біз одан оның телефонының паролін сұрадық. Біз оның үй ішіне хабарласқымыз келді. Кейін ұйықтай берсін, ертесі күні өзі үйге қайтады дедім. Біз Дидар екеуміз залда әңгіме айтып отырдық. Бір сәтте Ақнәр орнынан тұрды да, шыңғырды. Екі көзі қып-қызыл. Мен не болғанын түсінбедім. Ол шапалақпен ұрып, мені жерге құлатады. Дидар оған барады, Ақнәр оны да шапалақпен бір тартады. Біз бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндік. Біз оны жұбатып бастадық. Содан кейін ол "сенің анаң тозақта" деді. Кейін менің әкемді айтып бастады. Сосын бүкіл отбасымды қарғап бастады. Мен "қате, қате" деп айттым. Мен алдым да қолыммен оның аузын жауып отырдым. Мен жыладым. Сосын ол сүрелер оқып бастады. Ішіне жын кірген сияқты ғой деп ойладық", - деді Рана.

Оның айтуынша, кейін Дидар есімді қыз марқұм Ақнәрдің ағасына аудио жіберген.

"Бір кезде ол маған тағы да шабуылдап, еденге құлатты. Шашымнан ұстап, басымды еденге ұрып, бетімді тістей бастады. Мен қатты айғайладым. Осы кезде Дидар дәретханаға жүгіріп кіріп, ағасына мені ұрып жатыр, өлтіруі мүмкін деп аудио хабарлама жіберген. Бір кезде ол мені жіберді, одан қашып, дәретханаға тығылдым... Мен ол кезде Ақнәрдің секіретінін ойламаппын. Ол мені мастықпен ұрғанын білемін. Дидар менен Ақнәр қайда деп сұрады. Біз оны ас үйден де, залдан да іздедік, онда болмады. Бір уақытта полиция есікті қақты, олар "сендердің пәтерлеріңнен бір қыз құлап түсті" деді. Мен ол кезде сенбедім. Ол өте жақсы қыз болды", - деді марқұмның құрбысы.

Сөзінше, осыған ұқсас оқиға бұрын да болған.

"Жатақханада Ақнәр өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Бес бала оны ұстап, тыныштандырған. Осындай жағдай 2024 жылдың ақпан айында болған екен. Мен сол видеоның аудиожазбасын түсіріп алдым. (...) Осыған ұқсас оқиға 2024 жылдың сәуір айында Дидардың пәтерінде болған. Ақнәрдің терезеден секіру ойы болды. Оны Дидардың інісі ұстап қалды", - деді Рана.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі 22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тергеу ісі қалай жүріп жатқанын айтқанын жазған болатын.