Семейде робот-иттер қоғамдық орындарды күзетеді

0
86

Төрт аяқты робот жұртшылықтың назарын бірден аударып, әсіресе балалар мен жастардың қызығушылығын оятты.


Семейде робот-иттер қоғамдық орындарды күзетеді

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Алғаш рет технологиялық құрылғыны полицейлер Семей қаласының орталық алаңына шығарып, тұрғындарға таныстырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұдан былай Семей қаласының көшелері мен қоғамдық орындарында адамдармен қатар робот-иттер де қызмет атқарады.

Көпшілік жаңа технологияны көріп, оның мүмкіндіктеріне оң бағасын берді. Робот-иттер қоғамдық орындарды патрульдеуге, ахуалды бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

Заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған құрылғы қоршаған орта туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде жинап, оны жедел басқару орталығына жеткізе алады.

Технологиялық көмекшінің мүмкіндігі мұнымен шектелмейді. Ол күмәнді заттарды анықтауға, түтін мен өрт белгілерін тіркеуге және қауіпті жағдай туындаған кезде тиісті дабыл сигналдарын автоматты түрде төтенше қызметтерге жіберуге мүмкіндік береді.

Робот-ит адамды алмастыру үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, полицейлердің жұмысын жедел әрі тиімді етуге арналған заманауи құрал ретінде қызмет етпек.