Ол Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны — Никита Боронин болып шықты.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. 23 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің маңында мас күйінде болған ер адам сигналдық тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан, деп жазады inform.kz.
— Ер адамға қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, — дейді ведомство өкілдері.
Абай облысы Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.


