Өртенген аумақ – 7 гектар.
ERNUR.KZ.  Семей орманы резерватының Бегенев филиалы Дөңгелек орманшылығы аумағында мемлекеттік орман қоры өртеніп кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Өртенген аумақ – 7 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылғаны — 1,06 га.
«Семей Орманы» МОТР операторынан орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 га аумақта оқшауланды», - деп жазды ТЖМ.
Өрт орнына орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД-дан 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, «Қазавиаорманқорғау» АҚ МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды.
«Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталуда, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында», - делінген ақпаратта.
Жалын түнде ауыздықталды.
Еске сала кетейік, былтыр Абай облысындағы алапат өрт кезінде 14 адам қаза тапты. 2023 жылғы 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
