Семей мен Өскемен ЖЭО-ларын өз күшімізбен салуымыз мүмкін – Ерлан Ақкенженов

0
197


Семей мен Өскемен ЖЭО-ларын өз күшімізбен салуымыз мүмкін – Ерлан Ақкенженов

Фото: Энергетика министрлігі

ERNUR.KZ. Семей мен Өскемен жылу электр орталықтарын өз күшімізбен салуымыз мүмкін. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп жазады inform.kz.
БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында министр Көкшетау қаласындағы жыл электр орталығының құрылыс жұмыстары басталғанын, жобаны «Самұрық Энерго» компаниясы іске асырып жатқанын айтты.
- Қалған екі жылу электр орталығына келер болсақ, қазіргі уақытта Ресей Федерациясы тарапынан жеңілдікпен қаржыландыруға қатысты жауабын алған жоқпыз. Қазақстан тарапы бұл мәселені ыңғайлы сәтте көтеретін болады. Әзірше Ресей тарапынан жғеңілдікті мемлекетаралық кредитке қатысты жауап болмай тұр. Егер жағдай осылай қала беретін болса, онда Қазақстанға аталған жобаларды өз күшімен іске асыруға тура келеді, - деді Ерлан Ақкенженов.
Таяуда «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Өскемен мен Семейдегі жаңа жылу-электр орталықтарын Ресей салуы мүмкін екенін айтқан еді.