Сейсмология орталығын дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді – Алматы әкімі

0
293

1986 жылы салынған орталық ғимараты ешқашан жөнделмеген, кейбір жабдықтар ескірген, сонымен қатар маман тапшылығы мәселесі бар.


Сейсмология орталығын дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді – Алматы әкімі

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және ұлттық ғылыми зерттеу орталығының материалдық-техникалық базасымен танысып, түйткілді мәселелерді тыңдады, деп жазады sputnik.kz.

1986 жылы салынған орталық ғимараты ешқашан жөнделмеген, кейбір жабдықтар ескірген, сонымен қатар маман тапшылығы мәселесі бар.

"Біз ғимаратты қала бюджеті есебінен жөндеу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерге шамамен 2 млрд теңге бөлінеді, бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді", - деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, бұл орталық қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте маңызды, сондықтан ол әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс.

Орталық сейсмикалық қауіпті бақылау және бағалаумен айналысады.

Сейсмологиялық бақылаулардың республикалық желісі бүкіл ел бойынша 70 станциядан тұрады. Мұнда жер қыртысының қозғалысы 160 түрлі өлшем бойынша бақыланады.