Арменияға рейстер 18 сәуірден басталады.
фото: Министерство транспорта Казахстана
ERNUR.KZ. SCAT әуе компаниясы Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша тұрақты рейстердің іске қосылатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Рейстер 18 сәуірден бастап аптасына екі рет орындалады. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл Қазақстан мен Армения арасында ыңғайлы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етеді.
Бұған дейін SCAT 2 маусымнан бастап Астана – Ұланбатыр – Астана бағыты бойынша жаңа рейс ашылатынын мәлімдеген болатын. Бұл бағыттағы рейстер де аптасына екі рет орындалады және қазақстандықтарға Моңғолияға баруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, компания Қазақстан ішінде 2026 жылдың жазғы маусымына арналған субсидияланатын рейстердің ашылатынын хабарлады. Тасымалдау шарттары:
багаж – 20 кг;
қол жүгi – 5 кг;
артық жүк – әр килограмы үшін 150 теңге.
Ұшу кестесін SCAT компаниясының ресми сайтындағы "Кесте" бөлімінен білуге болады.


