​Сатып алған пәтерін 2 жылдың ішінде қайта сатқандар 10 пайыз салық төлейді

0
100

Бұл жерде 2 жылдық мерзім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алынған мүлікке ғана қолданылады.


​Сатып алған пәтерін 2 жылдың ішінде қайта сатқандар 10 пайыз салық төлейді

Коллаж: Kazinform / Freepik

ERNUR.KZ. 2026 жылдан бастап сатып алған пәтерін 2 жылдың ішінде қайта сатқандар 10 пайыз салық төлейді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық әдіснамасы басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова онлайн брифингіде айтты, деп жазады inform.kz.

— Қазір мүлік салығында мынандай ескеретін жайт бар. Пәтер сатып алып, оның бір жылдың ішінде сатып жіберіп, үстінен ақша көрсем, сол көрген ақшаның 10 пайызын салық ретінде төлеймін. Жаңа салық кодексінде осы кезең ұзартылды. Қазір 1 жыл болса, 2026 жылдан бастап екі жыл мерзім қолданылады. Басқаша айтсақ, сатып алған пәтерді 2 жылдың ішінде сатып, үстінен ақша көрсем, сол табыстан 10 пайыз жеке табыс салығын төлейді. Ал пәтерді өз атыңызда 2 жылдан көп мерзім ұстап сатсаңыз, үстінен көрген ақшаға салық салынбайды, — деді ол.

Айгүл Аббасова аталған норма биыл пәтер сатып алғандарға жүрмейтінін ескертті.
— Бұл жерде 2 жылдық мерзім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алынған мүлікке ғана қолданылады. 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін сатып алынған мүлікке 1 жылдық мерзім қолданылады, — деп түсіндірді маман.