Қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі жараланды, деп жазады sputnik.kz.
2 қыркүйекте әскери қызметші қару-жарақты қолдану ережелерін бұзудың салдарынан оң қолынан жарақат алды.
"Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Зардап шегушінің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - дейді ведомство.
Қылмыстық іс қозғалды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
