Сәпиевке қатысты жанжал: Қарағанды облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады

0
99

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр.


Сәпиевке қатысты жанжал: Қарағанды облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының әкімдігі Спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.

"Спорт басқармасына қатысты тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: басқарма қалыпты жұмыс режимінде қызмет атқарып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.